freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да заңсыз алтын өндірген топ ұсталды: арасында Қытай азаматтары бар

Оқиға
ШҚО-да заңсыз алтын өндірген топ ұсталды: арасында Қытай азаматтары бар
egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, арнайы операция Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратурамен бірлесіп жүргізілген. Заңсыз жұмыстар Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

Тергеу барысында заңсыз өндіріске 30-дан астам адамның қатысқаны анықталды. Олардың арасында Қытай азаматтары да болған. Күдіктілер құрамында алтыны бар кенді өндіру және өңдеу үшін ауыр арнайы техниканы пайдаланған. Тінту кезінде алты жүк көлігі, төрт экскаватор, тиегіш техникасы және алтынды жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді. 

Мамандардың айтуынша, заңсыз кен өндіру салдарынан қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келген. Топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедері өзгерген, тіпті өзен арнасына да залал келген. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу