Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асырудағы негізгі мәселелерінің бірі өңірлерде уақтылы шарт жасасып, қаржыландыруды қамтамасыз ету екенін атап өтті.
«Облыстардың әкімдіктеріне екі апта ішінде осы жылы жүзеге асырылатын жобалар бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірге жыл соңына дейін барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз етіңіздер.
Бұл үшін облыс әкімдері тікелей жауапты болады»,— деді Олжас Бектенов.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне инфрақұрылымдық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдету тапсырылды.