457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

IMAGE: ©oilandgaspeople.com

Бұл туралы DW – Неміс толқыны хабарлайды.

Австрияның ірі мұнай-газ компанияларының бірі OMV-де көп жылдан бері жұмыс істеп келген азамат Ресей тыңшысы болып шығуы мүмкін. Австрияның арнайы қызметтері оны бірнеше ай бойы аңдыған екен. Күдікті бірнеше рет Ресей елшілігінің қызметкерімен кездескен. Ол OMV компаниясының ірі жобаларының жай-жапсарына қанық болған.

Күдіктінің үйін тінту кезінде компанияның көптеген ішкі құжаттары табылыпты. Қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, күдікті әлі ұсталған жоқ. Ол Шығыс Еуропа елдерінің бірінің азаматы екен.