457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина Донецк облысындағы жеті елді мекенді қайтарып алды

 

Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы нәтижесінде Покровск пен Доброполье ауданында жеті елді мекен мен шамамен 160 шаршы километр аумақ азат етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы бағыттағы ұрыстарда Ресей әскері 1300-ден астам адамынан айырылған.

Президент Зеленский бейсенбі, 18 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде украин әскері Донецк облысында қарсы шабуыл барысында жеті елді мекен мен 160 шаршы километр жерді азат еткенін айтты. Сонымен қатар тоғыз елді мекеннен ресейлік әскери бөлімдер шегіндірілген, 100-ден астам ресейлік жауынгер тұтқынға түскен. Бұл деректерді Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский келтірді.

Зеленскийдің сөзінше, соңғы апталарда тек Покровск бағытында ғана Ресей әскері 1300 адамынан айырылған. Президент сонымен бірге Донецк облысына барып, десанттық-шабуылдаушы әскерлердің басқару пунктінде болды.

Қандай нақты елді мекендер азат етілгенін Зеленский атамады. Алайда украиналық DeepState жобасы мен басқа дереккөздердің хабарлауынша, әңгіме Доброполье маңындағы, Покровскінің солтүстігінде орналасқан ресейлік плацдармды жою операциясы туралы болуы мүмкін.

Фото: Efrem Lukatsky/AP Photo/picture alliance