457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский Путинмен кездесудің жалғыз шартын атады

Украина президенті Владимир Зеленский британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамппен және Ресей президенті Владимир Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта «алдын ала шарттарсыз» кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мен Трамп президентпен де, Путинмен де үшжақты немесе екіжақты форматта кездесуге дайынмын… Кез келген шартсыз кездесуге әзірмін», – деді Зеленский.

Сонымен бірге ол Мәскеуге келіссөз жүргізуге бармайтынын, бірақ Ресейден басқа кез келген елде кездесуге дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін Путин Зеленскийге «егер кездесуге дайын болса, Мәскеуге келсін» деген ұсыныс жасаған еді. Алайда Зеленский бұл ұсыныстан бас тартып, Путинді келіссөздерге Киевке шақырды.

Сейсенбі, 16 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийге Украинаның соғысты тоқтатуы үшін Мәскеумен «келісімге келуіне тура келетінін» мәлімдеді. Бірақ ол қандай келісім туралы екенін нақтыламады.

Сондай-ақ америкалық көшбасшы Зеленский мен Путиннің ықтимал келіссөздеріне өзі де қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Фото: видеодан кадр