457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин алғаш рет көпшілік алдына әскери формада шықты

Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет көпшілік алдына әскери формада шықты. Ол Нижегород облысындағы «Мулино» полигонында өтіп жатқан ауқымды Ресей-Беларусь бірлескен «Батыс-2025» әскери оқу-жаттығуларына барды, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, жаттығуларға 100 мыңнан астам әскери қызметкер қатысып жатыр.

Ресей мен Беларусь аталған жаттығулардың тек қорғаныстық сипатта екенін алға тартқанымен, Батыс елдері оларды қауіп ретінде қабылдап отыр.

Бұл оқу-жаттығулар «Батыс-2021» маневрлеріне ұқсас.

Естеріңізге сала кетейік, дәл сол маневрлерден кейін Ресей Украинаға басып кірген еді.

Фото: Сергей Бобылев/POOL/ТАСС