Зеленский Путинді Киевке келіссөзге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский ABC News-ке берген сұхбатында Кремльдің Мәскеуде жоғары деңгейдегі келіссөз өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
“Мен Мәскеуге бара алмаймын, өйткені менің елім күн сайын зымырандармен атқыланып, шабуылдарға ұшырап отыр. Мен террористің астанасына бара алмаймын”, – деді Зеленский.
Осы әңгіме барысында ол Ресей президенті Владимир Путинді келіссөз жүргізу үшін Киевке келуге шақырды. Зеленскийдің айтуынша, Мәскеуде кездесу өткізу туралы ұсыныс – уақытты созу әрекеті, ал Кремль “АҚШ-пен ойын ойнап отыр”
Фото: https://x.com/dw_russian?s=21

Ең көп оқылған
