457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дмитриев: Зеленский соғысты аяқтауға үлкен қадам жасады

Киев пен Мәскеу Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен аяқтауға жақын, себебі Владимир Зеленский «фронт сызығын мойындады». Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын фронт сызығы бойымен тоқтату мүмкіндігі туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесі оның «дипломатиялық шешімге» қарай жасаған үлкен қадамы болды, деді Ресейдің шетелдік елдермен инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі әрі Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РФПИ) басшысы Кирилл Дмитриев CNN арнасына берген сұхбатында. Ол қазір АҚШ-та сапарда жүр.

«Менің ойымша, Ресей, АҚШ және Украина шын мәнінде дипломатиялық шешімге өте жақын. Президент Зеленский үлкен қадам жасады – енді ол мәселе фронт сызығы туралы екенін мойындады», – деді Дмитриев CNN жүргізушісі Джейк Таппермен сұхбатында.

Ресей өкілі сондай-ақ Украина басшысы бұған дейін өз елінен Ресей әскерін толық әкетуді талап еткенін еске салды: «Сондықтан менің ойымша, біз келісімге келуге мүмкіндік беретін дипломатиялық шешімге біршама жақындадық», – деп түсіндірді Кирилл Дмитриев.

Сонымен қатар ол Мәскеудің «қауіпсіздік кепілдіктері» мен Кремль ұстанымын түсінудің «маңыздылығы» туралы бұрынғы мәлімдемелерін де қайталады.

Фото: Baraa Anwer/AP Photo/picture alliancе