Ақ үй Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындықты тоқтатты – БАҚ

АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің саммитіне дайындық уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы сейсенбі, 21 қазанда NBC News телеарнасының аға тілшісі Гаррет Хейк әлеуметтік желі X парақшасында жазды.
«Будапештте өтеді деп жоспарланған Трамп пен Путин саммитіне дайындық қазіргі уақытта тоқтатылды, – деді маған Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі», – деп жазды ол.
Оның айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың алғашқы телефон арқылы әңгімесі «жемісті» өткен. Алайда президенттің пікірінше, «екі тарап та келіссөздерді жалғастыруға әзір бола қойған жоқ».
Фото: The White House