457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лавров пен Рубио Украинадағы соғысты реттеу мәселесін талқылады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесті

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар, атап айтқанда, Украинадағы соғысты реттеу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

«16 қазанда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуі барысында қол жеткізілген өзара түсіністі жүзеге асыру мүддесіндегі нақты қадамдарды конструктивті түрде талқылау өтті», — деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрлігі.

Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Рубионың Лавровпен әңгімесінде Мәскеу мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықтың Украинадағы соғысты тұрақты реттеуге бағытталған маңыздылығын атап өткенін хабарлады.

«Мемлекеттік хатшы алдағы байланыстардың Мәскеу мен Вашингтонға президент Трамптың көзқарасына сай Ресей мен Украина арасындағы соғысты ұзақмерзімді бейбіт жолмен реттеу ісінде ынтымақтаса жұмыс істеу мүмкіндігі екенін атап өтті», — делінген АҚШ Сыртқы істер ведомствосының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 16 қазанда Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында тараптар Украина төңірегіндегі жағдайды талқылаған. Әңгіме қорытындысы бойынша Ақ үй басшысы Будапештте Ресей президентімен кездесу өткізуге ниетті екенін жариялады.

Фото: depositphotos.com

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00