457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина Ресейдегі бірнеше мұнай өңдеу зауытына соққы жасады

Соңғы екі айда Ресейдегі әр үшінші кәсіпорыны зардап шеккен

19 қазан күні Украина Қарулы күштерінің дрондары Ресейдің екі отын-энергетика нысанына соққы берді. Соның салдарынан Орынбор газ өңдеу зауытының бір цехында өрт шықты. Бұл туралы Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев хабарлады.


Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, тұрғындарға қауіп төнген жоқ. NASA FIRMS дерегінше, өрт сұйытылған газ өндіретін және теміржол цистерналары орналасқан аймақта тіркелген. Зауыт пропан, бутан және газды бензин өндіреді, оның бір бөлігі экспортқа жөнелтіледі. Ол – әлемдегі ең ірі газхимиялық кешендердің бірі, жылына 15 млрд м³ газ өңдей алады.

Сондай-ақ дрондар Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Өңірде әуе қозғалысына және мобильді интернетке уақытша шектеу енгізілді. Telegram-арналар мәліметінше, зауыт аумағында өрт болған. Оның қуаты – жылына 8,3 млн тонна.

Тамыз айынан бері Украина күштері Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымына жүйелі түрде дрон соққыларын жасап келеді. Соңғы екі айда Ресейдегі әр үшінші мұнай өңдеу зауыты зардап шеккен. Қыркүйекте Новокуйбышев, Астрахан және Рязань зауыттарының жұмысы уақытша тоқтаған. Қазанның басында тағы бес кәсіпорынға дрон соққысы жасалды.       

Фото: NASA