Германия қорғаныс министрі: Жаңа жүйе Ресей үшін ескерту болмақ

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториустың айтуынша, ел әскер қатарында қызмет етуге дайын азаматтарын білуі керек, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның сөзінше, 2027 жылдың ортасына қарай Германия барлық жастарды медициналық тексеруден өткізуге дайын болады.
Министрдің пікірінше, 18 жастағы барлық ер азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін міндетті медициналық тексеруден өтуі Ресей үшін тежеу факторы болмақ. Саясаткердің сұхбаты жексенбі, 19 қазанда Bild am Sonntag газетінде жарияланды.
«Егер біз қайтадан бір жылда туған барлық ер азаматтарды медициналық тексеруден өткізіп, әскери қызметке жарамдылар туралы мәліметтер жинайтын болсақ, мұны Ресей де байқайды. Басқаша айтқанда, бұл да тежеу факторы!» – деді ол.
«Егер қорғаныс қажеттілігі — біз бар күшімізбен болдырмауға тырысатын жағдай — бәрібір туындаса, Конституцияға сәйкес міндетті әскери қызмет бірден енгізіледі. Сол кезде кімнің қызметке дайын, ал кімнің дайын еместігін білуіміз қажет», – деп атап өтті Писториус.
Оның айтуынша, 2027 жылдың ортасына қарай Германия дайын болады. «Сонда біз ел аумағы бойынша қайтадан толық медициналық тексеру жүргізе аламыз», – деді министр.
Фото: Nicolas Tucat/AFP/Getty Images