457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуропарламент Ресейдің газ бен мұнайына тыйым салмақ

Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады

Еуропалық парламенттің өнеркәсіп, зерттеу және энергетика жөніндегі, сондай-ақ халықаралық сауда жөніндегі комитеттері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейдің табиғи газын – құбыр арқылы да, сұйытылған түрінде де (СПГ) – Еуропаға импорттауға тыйым салатын заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

16 қазан, бейсенбі күні Брюссельде өткен отырыста қабылданған құжатта тек аздаған ерекшеліктер қарастырылған.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 17 маусымына дейін жасалған газ келісімшарттары ғана өз күшінде қалады:

  • қысқа мерзімді келісімдер — 2026 жылдың 17 маусымына дейін,
  • ұзақ мерзімді келісімдер — 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды болады.

Еуропарламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім Ресейдің энергоресурстарды Еуроодаққа қарсы қару ретінде жүйелі түрде қолдануына жауап ретінде қабылданған. Мұндай саясат «соңғы жиырма жыл бойы байқалып келеді және Украинаға басып кіргеннен кейін тіпті күшейе түсті», — делінген мәлімдемеде.

Заң жобасы маусым айында Еурокомиссия ұсынған бастаманың негізінде әзірленген. Алайда Еуропарламент депутаттары бұл құжатты күшейтіп, оған ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін импорттауға да тыйым салу туралы тармақ енгізді.

Сонымен қатар, бастапқыда Еурокомиссия Ресеймен жасалған ұзақ мерзімді газ келісімдерін 2028 жылдың қаңтарынан бастап тоқтатуды ұсынған еді. Бірақ депутаттар бұл мерзімді бір жылға қысқартып, 2027 жылдың басынан күшін жоюды көздеді.

Құжаттан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерге арналған жеңілдік туралы ереже алынып тасталды. Оның орнына Ресейдің «көлеңкелі флотына» қарсы шаралар енгізу туралы бап қосылды — бұл флот арқылы Мәскеу санкцияларды айналып өтуге тырысып келеді.

Фото: Natalia Kolesnikova/AFP/Getty Images