457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кезекті рекорд: Ресей Украинаны 26 «Искандер» зымыранымен атқылады

Олардың бірде-бірі атып түсірілген жоқ

Ресей бүгін түнде Украина аумағына рекордтық мөлшерде 26 «Искандер-М» зымыранын ұшырды. Олардың бірде-бірі атып түсірілген жоқ, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұған дейінгі рекорд 14 зымыран болған. Бұл жолы ресейлік әскерилер жаңартылған үлгідегі зымырандарды қолданған, сондықтан оларды атып түсіру мүмкін болмаған.

Бейсенбіге қараған түні Ресей армиясы Украинаға қарсы 320 дрон және 37 зымыранмен бір мезгілде шабуыл жасады. Бұл туралы Украинаның Әуе күштері таңертеңгі мәліметінде хабарлады.

Украин әскері хабарлағандай, түнгі уақытта Ресей энергетикалық инфрақұрылым нысандарына аралас (дрон және зымыран) соққы жасаған.

Әртүрлі типтегі дрондармен қатар, ресейлік тарап екі Х-47М2 «Кинжал» аэробаллистикалық зымыранын, 26 баллистикалық «Искандер-М/KN-23», екі қанатты «Искандер-К» және жеті Х-59 басқарылатын авиациялық зымыранын қолданған.

14 жерде тікелей соққы тіркелген, сондай-ақ 37 соққы дроны мен зымырандардың сынықтары екі аймақта құлаған. Әуе күштерінің хабарлауынша, шабуылдың негізгі бағыты — Полтава және Харьков облыстары.

Фото: Caristania Fabricius