457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Мен Уиткоффты Путинге 15 минутқа жібердім, ал олар 5 сағат сөйлесіпті

Стив Уиткофф Путинмен биыл бес рет кездескен

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль кнессетінің депутаттары алдында сөйлеген сөзінде арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты күтпеген жайтты бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

«Мен Уиткоффты Путинмен кездесуге жібергенде, бұл 15-20 минутқа созылады деп ойладым. Бірақ кездесу бес сағатқа созылған. Мен одан: “Сендер бес сағат бойы не туралы сөйлестіңдер, қарғыс атқыр?!” – деп сұрадым. Ол: “Қызықты нәрселер туралы сөйлестік”, – деп жауап берді», – деді Трамп.

АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф Путинмен биыл бес рет кездескен: 11 ақпанда, 13 наурызда, 11 және 25 сәуірде, сондай-ақ 6 тамызда. Келіссөздердің негізгі тақырыптары – Украинадағы соғысты тоқтату және Ресей мен АҚШ арасындағы тұтқындармен алмасу мәселелері болған.

Трамптың айтуынша, өткен дүйсенбіде ол Уиткоффқа «Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге бар назарын аударуды» тапсырған.

Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі