457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский Tomahawk зымырандарын қайда ататынын мәлімдеді

Бұл зымырандардың ұшу қашықтығы 1250–2500 шақырымға дейін жетеді

Украина президенті Владимир Зеленский 12 қазан, жексенбі күні америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында егер АҚШ оның еліне алыс қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын берсе, олар Ресейдің бейбіт тұрғындарына қарсы қолданылмайтынын мәлімдеді.


«Тек әскери нысандарға бағытталады. Біз ешқашан олардың (ресейлік - ред.) бейбіт халқына шабуыл жасамаймыз», - деді Зеленский The Sunday Briefing бағдарламасында.

Трамп пен Зеленский екі күн ішінде екінші рет сөйлесті

12 қазанда Зеленский соңғы екі күн ішіндегі АҚШ президенті Дональд Трамппен екінші телефон әңгімесін өткізді. Украина басшысы бұл әңгімені, алдыңғысы сияқты «өте жемісті» деп атады.

«Кеше белгілі бір тақырыптар бойынша бүгін талқылайтын мәселелерге келіскен едік, сол бағыттардың барлығын бірге талқыладық», — деп жазды ол.

Axios басылымының мәліметінше, Tomahawk зымырандарын жеткізу мәселесі екі ел басшыларының 11 қазандағы сөйлесуі кезінде де қозғалған.

«Біз Ресейдің америкалықтар бізге “Томагавктар” беруі мүмкін дегеннен қорқып отырғанын көріп, естіп отырмыз. Бұл — осындай қысымның бейбітшілікке ықпал етуі мүмкін деген белгі», — деп жазды Зеленский жексенбі күнгі әңгімеден кейін.

Зеленский “Томагавк” зымырандарын қыркүйекте де сұраған

The Telegraph газетінің хабарлауынша, қыркүйек айының соңында Украина президенті БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Нью-Йоркте өткен жабық кездесуде Трамптан Tomahawk зымырандарын беруді өтінген. Бұл зымырандардың ұшу қашықтығы 1250–2500 шақырымға дейін жетеді.

Алайда Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың Украинаға мұндай зымырандарды беруі екіталай, себебі бар қорлар негізінен АҚШ Әскери-теңіз күштері мен өзге де стратегиялық мақсаттарға арналған.
Дереккөздердің айтуынша, қысқа қашықтықтағы зымырандарды жеткізу ықтималдығы жоғары.
Мысалы, 2024 жылы Украинаға берілген ATACMS зымырандары нысаналарды 300 шақырымға дейінгі қашықтықтан ата алады.

Трамптың пікірі

Қазан айында журналистердің сұрағына жауап берген Дональд Трамп Tomahawk зымырандарын Украинаға беру туралы «дерлік шешім қабылдағанын, негізінен» айтты.

«Мен олардың (украиндықтардың — ред.) бұл зымырандарды не үшін және қайда қолданатынын білгім келеді. Бұл туралы сұрауға тура келеді деп ойлаймын. <...> Мен белгілі бір сұрақтар қояр едім. Мен бұл соғыстың ушығуын қаламаймын», — деді Трамп.

Путин: “Tomahawk” зымырандарын Украинаға беру Ресей мен АҚШ қатынасын бұзады

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінше, Трамптың Украинаға алыс қашықтықтағы зымырандарды беру туралы ықтимал шешімі «Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастардың, соның ішінде соңғы уақытта байқалған оң үрдістің бұзылуына әкеледі».

«Мен не ойласам, соны айтып отырмын. Бірақ жағдайдың қалай өрбитіні тек бізге немесе маған ғана байланысты емес», - деді Путин.

Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS