457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Киев Ресеймен 2026 жылғы Олимпиада кезінде бітімге келуге дайын

Украина 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде бүкіләлемдік бітім жариялау туралы Италияның бастамасын қолдайды

Украина 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде бүкіләлемдік бітім жариялау туралы Италияның бастамасын қолдайды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz РБК-Украина сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Украина СІМ өкілі Георгий Тихий брифинг барысында айтты.

«Біз мұндай үндеуді қолдаймыз. Бірақ Ресей Олимпиадалық бітім кезінде бірнеше рет соғыс бастағанын еске салу қажет. Ресей Грузияға басып кіруді Олимпиадалық бітім кезінде бастады. Сондай-ақ Украинаға қарсы да соғысты дәл осындай уақытта бастаған», – деді Тихий.

Оның айтуынша, бұл Ресейдің әдейі жасайтын әрекеті, себебі Олимпиада кезінде БАҚ-тың назары спорттық жарыстарға ауып, соғыс жаңалықтарына аз көңіл бөлінеді.

СІМ өкілі Украина Ресеймен бітімге келуге тек Олимпиада кезінде емес, дәл қазір де дайын екенін атап өтті. Өйткені Украина билігі бұған дейін АҚШ ұсынған атысты тоқтату бастамасын қолдаған, алайда Ресей оны елемей отыр.

«Егер Ресейге бұған себеп ретінде “Олимпиадалық бітім” қажет болса, олай болсын. Бірақ біз, негізінен, бұл соғыс Олимпиадаға дейін тоқтаса дейміз. Менің ойымша, Италия министрінің мәлімдемесі де Ресейді бейбіт процеске, нақты қадамға итермелеуге бағытталған», – деді Тихий.

Айта кетейік, 7 қазанда Италияның вице-премьері әрі сыртқы істер министрі Антонио Таяни қысқы Олимпиада кезінде әлемдік бітім жариялауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, бұл идеяны БҰҰ да қолдайды.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Фото: РБК-Украина