Трамп: Украинадағы соғысты аяқтау қиын болып тұр

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украинадағы соғысты тоқтату Таяу Шығыста бейбіт келісімге қол жеткізуден де күрделірек болуы ықтимал. Бұл туралы ол Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Трамптың сөзінше, Таяу Шығыста бейбіт келісім жасауға жақын қалды, бірақ Украинадағы жағдайға қатысты ондайды айтуға келмейді.
«Мен бұл мәселе оңай шешілетіндердің бірі болады деп ойладым. Менің Путинмен жақсы қарым-қатынасым бар, және бәрін реттеу оңай болады деп сендім. Бірақ мен қатты көңілім қалды, өйткені мұны шешу жеңіл болады деп ойлаған едім, ал шын мәнінде, бұл тіпті Таяу Шығыстан да қиын сияқты», — деді Трамп.
Трамп Ақ үйге президент креслосына қайта оралғанда, алғашқы 24 сағаттың ішінде Украинадағы соғысты тоқтатуға уәде берген еді. Алайда кейін ол бейбіт келісімге келу оңай еместігін бірнеше рет мойындаған.
Фото: FRANCIS CHUNG/POLITICO/BLOOMBERG VIA GETTY IMAGES