457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский: Украина Ресейге соғыста көмектескендерге қарсы санкция салады

Бұл АҚШ, Қытай мен Тайвань, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Жапония компанияларына тиесілі

Украина президентінің айтуынша, Ресей қару-жарағында Германия, АҚШ және басқа да шетелдік елдердің өндірушілерінің бөлшектері қолданылған. Киев Ресейге соғыста көмектескендерге қарсы санкциялар дайындап жатыр, деп хабарлады Зеленский.


Украинаға қарсы соғыс басталғалы төрт жыл өтсе де, Ресей әлі күнге дейін өз қару-жарағында Батыс елдерінде жасалған бөлшектерді қолданып келеді. Мұндай мәлімдемені Украина президенті Владимир Зеленский 6 қазан, дүйсенбі күні Telegram парақшасында жасады.

«5 қазанға қараған түні Украинаға жасалған жаппай шабуыл кезінде Ресей 549 қару-жарақ түрін қолданды, олардың құрамында 102 785 шетелдік компоненттер болды. Бұл АҚШ, Қытай мен Тайвань, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Жапония, Оңтүстік Корея және Нидерланды елдеріндегі компанияларға тиесілі»,- деді ол. Ұшырылған соққы дрондарында 100 688 шетелдік компонент болған, "Искандер" зымырандарында шамамен 1500, "Кинжалдарда" 192 компонент, ал "Калибрлерде" 405».

Ресейдің Украинаға шабуыл жасау үшін қолданған қару-жарақ бөлшектерін өндіретін елдер

Украина президентінің айтуынша, АҚШ-тағы компаниялар Х-101 зымырандары мен Shahed/"Герань" типтес дрондарына арналған түрлендіргіштер, осы БПЛА мен "Кинжал" зымырандарына арналған матрицалар, дрондар мен зымырандарға арналған аналогты-сандық түрлендіргіштер, сондай-ақ зымырандарға арналған микроэлектроника шығарады.
«Әрбір "Шахедте" өндірісі Қытай мен Тайваньда жүзеге асқан кем дегенде 50 түрлі микроэлектроника бөлшегі бар», – деді Зеленский.

Ресей әскері ұшыратын дрондарға арналған микроконтроллерлер Швейцарияда жасалған, ал дрондардың ұшуын бақылауға арналған микрокомпьютерлер Ұлыбританияда өндірілген.
Оның айтуынша, Ресейдің қанатты зымырандарына арналған оптоизоляторлар Жапонияда, ал қосқыш жалғағыштар Германияда жасалған.
«Сондай-ақ Ресей Нидерландыда өндірілген процессорларды, Оңтүстік Кореяда жасалған сервоқозғалтқыштар мен мойынтіректерді пайдаланады», – деді Зеленский.

Украина ресейлік қару-жарақтағы шетелдік бөлшектерге байланысты санкциялар дайындап жатыр

Президенттің айтуынша, Киев Ресейге соғыста көмектескендерге қарсы санкциялар дайындап жатыр. Украина көшбасшысының сөзінше, Киев "Үлкен жетілік" елдерінің санкциялар мәселесіне жауапты координаторларының апта соңына дейін өтетін кездесуінен кейін шетелдік компоненттер мәселесі бойынша «жүйелі шешім» күтеді.

«Санкцияларды айналып өту схемаларының бәрін тоқтату маңызды, өйткені Ресей әрбір осындай схеманы адамдарды өлтіруді жалғастыру үшін пайдаланады. Бұл зұлымдықты тоқтату үшін әлемнің күші жетеді», – деп мәлімдеді Владимир Зеленский.

Ресейдің Украинаға жасаған ауқымды шабуылы

5 қазанға қараған түні Ресей Украинадағы бірнеше өңірге жаппай әуе шабуылын жасады. Зеленскийдің айтуынша, бұл шабуылда 500-ге жуық ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) мен 50-ден астам зымыран, соның ішінде «Кинжалдар» қолданылған.

Зеленскийдің нақтылауынша, шабуылға ұшыраған аймақтар — Львов, Ивано-Франковск, Запорожье, Чернигов, Сумы, Харьков, Херсон, Одесса және Кировоград облыстары.
Ресей шабуылдарының салдарынан бес адам қаза тауып, шамамен он адам жараланған.
Украина Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Львов облысында Ресей соққысынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі жараланған.

5 қазан кешке Германияның Солшылдар партиясынан бундестаг депутаты Дезире Беккер DW арнасына берген телефон сұхбатында Львов қаласында басқа да бундестаг пен Еуропарламент депутаттарымен бірге болғанын және шабуылды өз көзімен көргенін айтты.

Фото: AP/picture alliance