freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды

Саясат •
Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Семей қаласының жылу желілерін жылыту маусымына уақтылы дайындамағаны үшін Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр елдегі жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталғанын айтты. Оның сөзінше, жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз ету тапсырылған, алайда Семей қаласында жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталмаған.

"Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады", – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы тиісті үйлестірудің болмауы және Семейдің жылу желілерін уақтылы дайындамау фактісі бойынша Абай облысы әкімінің жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 өңірінде жылу беріле бастаған. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда жылыту жүйесіне қосу ауа райына және бекітілген кестеге қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың мәліметінше, жылу көздеріндегі отын қоры жасақталып, жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру қазан айының соңына дейін ауа райына байланысты іске қосылады.

Семей қаласында жылыту маусымы 5 қазаннан ресми түрде басталды. Алдымен мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелерге, кейін тұрғын үйлер мен басқа нысандарға жылу беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу