freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Топырағыңыз торқа болсын": Белгілі бапкер отбасындағы қайғылы жағдайды айтты

Қоғам •
"Топырағыңыз торқа болсын": Белгілі бапкер отбасындағы қайғылы жағдайды айтты
Фото-коллаж: Malim.kz

Боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның бапкері Ілияс Оралбеков әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасын еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бапкер анасының әр жеңісіне ерекше қуанып, оны үнемі алғашқылардың бірі болып құттықтайтынын еске алған.

"Анадан асқан қамқор жоқ, анадан асқан жан ашыр жоқ... Әрбір жеңісіме менен артық қуанып ең бірінші болып құттықтайтын. Енді әр жеңісімде сол құттықтауыңызды, жылы сөзіңізді сағынамын. Анаң барда арқаң кең, көңілің тыныш екенгой. Орныңыз ешқашан толмайды жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын, анашым. Алла тағала алдынан жарылқап, жаныңызды жәннаттан етсін", – деп жазды Ілияс Оралбеков Instagram парақшасында.

Жазбада бапкер анасының орны ешқашан толмайтынын айтып, әр жеңісінде оның жылы сөзін сағынатынын жеткізген.

Ілияс Оралбеков – қазақ боксының танымал бапкерлерінің бірі. Ол Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан секілді елге белгілі боксшыларды жаттықтырып келеді.

Махмұд Сабырхан кім?

Махмұд Сабырхан – Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсететін танымал боксшы. Ол 2001 жылғы 9 қыркүйекте дүниеге келген. Спортшы әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлде алып, 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.

Махмұд Сабырхан 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Қазақстан атынан өнер көрсетті. 2026 жылғы Азия ойындарында ол қола жүлдеге ие болды.

Махмұдтың туған інісі – Төрехан Сабырхан. Ағайынды боксшыларды Ілияс Оралбеков жаттықтырады.

Төрехан Сабырхан кім?

Төрехан Сабырхан – қазақстандық боксшы, Махмұд Сабырханның туған інісі. Ол 2006 жылғы 13 ақпанда дүниеге келген. Бокспен сегіз жасынан бастап айналысады, алғашқы әрі қазіргі бапкері – Ілияс Оралбеков.

Төрехан жастар арасында әлем чемпионы атанып, Азия біріншіліктерінде бірнеше рет топ жарған. 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп, Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпиондарының бірі атанды.

2026 жылғы Айчи-Нагоя Азия ойындарында Төрехан 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда Иордания өкілі Зеяд Ишаишті жеңіп, Қазақстан боксына Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алтын жүлдені әкелді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу