freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қысқы дөңгелекке қашан ауысу керек: Жүргізушілерге маңызды ереже

MALIMet •
Қысқы дөңгелекке қашан ауысу керек: Жүргізушілерге маңызды ереже
Фото: canva.com

Күн суытып, жол жағдайы қиындай бастаған кезде жүргізушілер көлігін қыс маусымына алдын ала дайындауы керек. Соның ең маңыздысы – жазғы дөңгелекті қысқысына ауыстыру. Қазақстан заңнамасында қысқы дөңгелек міндетті болатын нақты мерзім белгіленген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Көлік министрлігінің мәліметінше, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік құралдары міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс. Мамандардың айтуынша, қысқы шина төмен температурада жолмен жақсы ілінісіп, тежелу жолын қысқартады және көліктің тайып кету қаупін азайтады.

Жазғы дөңгелекті қашан ауыстырған дұрыс?

Қысқы дөңгелекке ауысу үшін 1 желтоқсанды күтудің қажеті жоқ. Полиция жүргізушілерге көлігін күн райы күрт бұзылмай тұрып дайындауды ұсынады.

Бұл әсіресе қар ерте түсетін, күздің өзінде үсік пен көктайғақ басталатын өңірлер үшін маңызды.

Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, қыс мезгілінде, яғни желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында, қысқы дөңгелек орнатылмаған көлікті пайдалануға болмайды.

Қандай қысқы дөңгелек жарамды?

Полицияның түсіндіруінше, қысқы дөңгелек көліктің тек жетекші бөлігіне емес, барлық дөңгелегіне бірдей орнатылуы керек.

Шинаның сыртында үш шыңы бар тау бейнесі мен оның ішіндегі қар ұлпасы белгісі болуы қажет. Сонымен қатар "M+S", "M&S" немесе "M S" таңбалары да қолданылады.

Тікенекті қысқы шиналарды пайдалануға да рұқсат етіледі. Бірақ маусымдық талаптар мұндай дөңгелектерге де қатысты.

Қыста жазғы дөңгелекпен жүргендерге қандай айыппұл салынады?

Белгіленген қысқы кезеңде жазғы дөңгелекпен көлік жүргізу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, талапты бұзған жүргізушіге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондықтан қысқы дөңгелекке ауысудың заңмен белгіленген соңғы мерзімі – 1 желтоқсан. Дегенмен мамандар қауіпсіздік үшін күнтізбеге ғана емес, ауа райы мен жолдың нақты жағдайына да мән беруге кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу