freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесі қызын фастфудтан тыймақ болып, жалған "УДЗ" арқылы қорқытқан

Оқиға •
Әкесі қызын фастфудтан тыймақ болып, жалған "УДЗ" арқылы қорқытқан
Фото: NDTV.com

Әкесі қызын зиянды тағамнан бас тартқызу үшін қолданған ерекше тәсілі әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп Malim.kz тілшісі NDTV.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видеода ер адам компьютер тінтуірін медициналық сканер секілді қолданып, қызының ішінің үстімен жүргізеді. Ал ноутбук экранында баланың асқазанында құрттар жүргендей етіп жасалған бейне көрсетіледі.

Әкесі бұл "құрттардың" фастфудты көп жеуден пайда болғанын айтып, қызын зиянды тағамнан шектеуге тырысқан. Көргенінен қатты қорыққан бала жылап, анасына қарай жүгірген. Кейін ол енді фастфуд жемейтінін айтып, уәде берген.

Алайда бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі әкенің әдісін тапқыр әрі әсерлі деп бағаласа, екіншілері баланы әдейі қорқытуға болмайтынын жазды.

Кейбір желі қолданушылары мұндай тәсіл баланың психикасына әсер етіп, ата-анасына деген сенімін әлсіретуі мүмкін екенін атап өткен.

"Кейін балалар өтірік айтса, таңғаламыз. Олар мұны кімнен үйренеді" –деп пікір қалдырған қолданушылардың бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу