7 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысы, солтүстік-батысы мен орталығында жаңбыр жауса, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Кей өңірлерде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазгидромет мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Астана
Елордада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -1…-3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +8…+10 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматы
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8, күндіз +15…+17 градус. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с болады.
Шымкент
Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Ақмола облысы
Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде -1…-6, күндіз +8…+13 градус. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысы
Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Шығыста тұман күтіледі. Түнде +2…+7, батысы мен оңтүстігінде -2 градусқа дейін суытады. Күндіз +5…+10, оңтүстікте +14 градус. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысы
Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста тұман болуы мүмкін. Түнде +5…+10, шығысында +2 градус. Күндіз +12…+17, оңтүстігі мен батысында +20 градусқа дейін жылынады. Жел екпіні кей тұста 23 м/с-қа жетеді.
Алматы облысы
Түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады, тұман болуы ықтимал. Түнде +3…+8, таулы жерлерде -3…+2 градус. Батысы мен солтүстігінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +12…+17, тауда +5…+10 градус.
Атырау облысы
Өңірде негізінен жауын-шашынсыз. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +7…+12, шығысында +4 градус. Күндіз +19…+24 градус. Желдің екпіні кей аудандарда 25 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысы
Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады, кей аудандарда тұман түседі. Түнде +5…+10, күндіз +15…+20, оңтүстікте +23 градусқа дейін жылынады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Жамбыл облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+6 градус, таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз +12…+17, тауда шамамен +9 градус. Жел кей аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жетісу облысы
Облыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +3…+8, батыс, солтүстік және орталық аудандарда -1, таулы жерлерде -3 градусқа дейін суытады. Күндіз +12…+17, тауда +9 градус шамасында болады.
Қарағанды облысы
Түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, кей жерде -3 градус. Күндіз +6…+11, оңтүстікте +14 градус. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысы
Түнде ауа температурасы -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Кей аудандарда тұман күтіледі. Күндіз +8…+13 градус, батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с.
Қызылорда облысы
Түнде +1…+6 градус, батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +15…+20 градус. Батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысы
Батыс, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде +5…+10, күндіз +18…+23 градус. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысы
Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде -1…-6 градус, күндіз +3…+8 градус. Күндіз жауын-шашын тоқтайды. Жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнгі температура 0…+5, батысы мен солтүстігінде -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +6…+11 градус, батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауады. Жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Түркістан облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік пен таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін. Түнде +5…+10, таулы жерлерде +2 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік болуы ықтимал. Күндіз +18…+23, тауда +15 градус.
Ұлытау облысы
Түнде жауын-шашынсыз, кей аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, солтүстік пен шығыста -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +10…+15 градус, облыстың батысында жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ қалыптасады. Тұман күтіледі. Түнде +2…+7, таулы және шығыс аудандарда -2 градусқа дейін суытады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.