freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өлді деп жерлеуге алып кеткен ит жолда "тіріліп" кетті

Оқиға •
Өлді деп жерлеуге алып кеткен ит жолда "тіріліп" кетті
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Өлді деп есептелген итті жерлеуге алып бара жатқан құтқарушылар күтпеген жағдайға тап болды. Ақ матаға оралып, көлікке салынған жануар бірнеше минуттан кейін кенет орнынан тұрған.Оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарап, бір түннің ішінде 4 миллионнан астам қаралым жинаған, деп Malim.kz тілшісі Khaosod English басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғын үйінің алдында қозғалыссыз жатқан итті байқап, құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген мамандар жануардың өлгеніне көз жеткізгендей болып, денесін ақ матаға орап, жерлеу үшін көлікке салған.

Алайда шамамен бес минут өткенде күтпеген жағдай болған. Қозғалыссыз жатқан ит кенет басын көтеріп, орнынан тұрған.

Мұны көрген құтқарушылар алғашында қатты шошып қалған. Кейін көлікті тоқтатып, итті сыртқа шығарған. Жануар жерге түскен бойда өздігінен жүгіріп кеткен.

Құтқарушылар мұндай жағдайды бұрын-соңды кездестірмегенін айтқан. Оқиғаның нақты себебі, яғни иттің неге ұзақ уақыт қозғалыссыз жатқаны белгісіз.

Бұл ерекше жағдай Таиландтың Кампхэнгпхет провинциясында болған. Оқиға 4 қазанда тіркеліп, видео кейін әлеуметтік желіде кеңінен тараған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу