457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экс-президентке сатқындық жасады деген айып тағылды. Ол болса - мойындамайды

IMAGE: Creative Commons License


Киев соты “көмір ісі” деген атпен белгілі істі қарай бастады деп хабарлайды DW - Неміс толқыны.

 

Істің мән-жайы

2014-2015 жылдары ендігәрі Украинаға бағынбай кеткен Донбасс аймағынан антрацит көмір Украинаның мемлекет меншігіндегі жылу қазандықтарына сатылған. Бұған Украинаның 5-інші президенті Петро Порошенконың қатысы бар деп есептеледі.

Қылмыстық іс 2016 жылы-ақ қозғалған болатын. Істің басы-қасында “Өмір үшін оппозициялық платформасы” ( "Оппозиционная платформа - За жизнь" ) партиясының тете төрағасы Виктор Медведчук та болыпты. Ол қазір Мәскеуде тұрады: Кремль оны тұтқынға түскен Украина жауынгерлеріне алмастырып алған болатын. Бұған қоса, көмір өнеркәсібінің экс-министрі Владимир Демчишин де осы іске қатысты іздеуде жүр.

 

Тағылған айып

2014 жылдың жазында Украина алғаш рет антрацит көмір дефицитімен ұшырасты. Себебі оны өндіретін шахталардың көбі майдан даласының арғы шебінде, мойындалмаған ДНР және ЛНР деп аталатын аймақтарда қалып қойған еді. Сол кезде билік, Оңтүстік Африка Республикасынан балама ұсыныс болса да, көмірді жаудың қолындағы аймақтан алуды шешкен.

2021 жылдың күзінде Украина Қауіпсіздік Қызметі (СБУ) мен Мемлекеттік тергеу бюросы сепаратистерден көмір сатып алуды ұлттық қауіпсіздікке жасалған үлкен қылмыс деп таныды. ОАР-дан көмір алуды тоқтатқан сол кездегі биліктің әрекетіне - Кремльдің, Порошенко және Медвечуктың сыбайласып жасаған қастандықтары деген баға берілі отыр.

Порошенконың өзі “көмір ісін” саяси қудалау дейді. Кеше, 9 қазан күні, ол сот залынан еш пікір білдірместен кетіп қалды.