457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қатынжанды болып кеткенмін": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі отбасылық өмірі жайында айтты

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Дархан Мұсаевтың отбасылық өміріне қатысты мәлімдемелері қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында 16 жылдық некесі, туыстарымен қарым-қатынасы және жеке өкініштері туралы айтты. 
Ол өзін «күшік күйеу болғанына» өкінетінін ашық жеткізді. 

"Дариғаның қабағына қараймын. Соған еріп қалғанмын. Соның қабағына қараймын. Жақтырмайды. Осы тыныш болсыншы деймін. Қатынжанды болып кеткенмін ғой, ашығын айтқанда", - дейді Дархан Мұсаев.

Алайда Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің сөздерімен келіспейтінін мәлімдеді. Ол некелері кезінде шын мәнінде «бақытты өмір болмағанын» айтып, ажырасудың бірнеше себебін атап өтті.

Бадықова: «Менің өз шындығым бар. Өтірік әңгімелерден шаршадым. Некеміз кезінде бақытты өмір сүрмедік. Кетсем де біраз уақыт ақша беріп тұрдым, кейін тоқтаттым», – деп жазды.

Актриса бұрынғы жұбайына ажырасқаннан кейін де қаржылай көмек көрсеткенін, бірақ соңғы уақытта қолдауын тоқтатқанын жазды.

Оның айтуынша, бұл жағдай жария айтыс-тартысқа себеп болған.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан сұхбат пен жазбалар қызу талқыланып, көпшілік арасында түрлі пікір туғызуда.

Фото: коллаж Malim.kz