457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мелания Трамп: Путин украиналық балалар туралы хатқа жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания жұма күні, 10 қазанда, соңғы тәулікте жеті украиналық бала мен бір ресейлік қыз бала өз отбасыларына оралғанын хабарлады. Бұл — оның өкілдерінің Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізген келіссөздерінің нәтижесі. Оның мәлімдемесінің бейнежазбасы Ақ үйдің YouTube-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Меланияның айтуынша, Ресей тарапымен байланыс тамыз айында, АҚШ пен Ресей президенттерінің Аляскадағы кездесуінде, Дональд Трамп Путинге оның (Меланияның) ұрланған балалар туралы жазған хатын тапсырғаннан кейін орнаған. Хатта АҚШ-тың бірінші ханымы Путиннен Украинадағы соғысты тоқтатуға және бұл ел мен Ресейдегі балалардың амандығы үшін әрекет етуге шақырған.

«Ол хатқа жазбаша түрде жауап берді және менімен тікелей байланысып, Ресейдегі украиналық балалар туралы мәліметтермен бөлісуге дайын екенін білдірді», — деді Мелания.

Оның сөзінше, содан бері олар Путинмен «ашық коммуникация арнасын» орнатқан.

Соңғы үш айда Меланияның тобы балаларды — әрі Украинаны, әрі Ресейді қамтитын — отбасыларына қайтару мәселесі бойынша Ресей тарапымен бірнеше рет кездесіп, телефон арқылы сөйлескен. Трамптың айтуынша, Ресей тарапы балалардың өмірбаяны мен фотосуреттерін, сондай-ақ украиналық балаларға көрсетілген әлеуметтік, медициналық және психологиялық қызметтер туралы есепті ұсынған.

Меланияның сөзінше, Ресей бұл мәселе бойынша «объективті әрі толық ақпарат беруге дайын екенін» көрсетіп отыр, ал ресейлік тарап ұсынған деректерді АҚШ үкіметі растаған. Мәліметтерді тексеру есебін дайындауға Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен Ресей президенті жанындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл кеңсесі де қатысқан.

АҚШ-тың бірінші ханымы сондай-ақ Ресей жақын уақытта соғыс салдарынан орын ауыстырған, кәмелетке толмаған, бірақ қазір 18 жасқа толған украиналық азаматтарды үйлеріне қайтаруға келісім бергенін атап өтті.

«Жақын арада балалардың жаңа топтарын отбасыларымен қайта қауыштыруға дайындық жүріп жатыр. Мен бейбітшілік тезірек орнайды деп үміттенемін», — деді Мелания.

Фото: Evan Vucci/AP Photo/picture alliance