457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Renault автоконцернін санкциялық тізімге қосты

Ресей үкіметі француздық Renault SAS автоконцернін “арнайы экономикалық шаралар қолданылатын компаниялар тізіміне” енгізді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Тиісті қаулы 10 қазан күні ресми құқықтық актілер порталында жарияланды.

Мұндай шешім Renault концернінің Украинада дрондар өндірісіне қатысуы мүмкін деген хабарламалар аясында қабылданған.

Аталған тізім 2022 жылғы 11 мамырда — Ресейдің Украинаға соғыс ашуынан кейін және шетел мемлекеттерінің “достыққа жат әрекеттеріне” жауап ретінде құрылған.

Renault енді бұл тізімде 75-нөмірмен тіркелген. Бұған дейін, 2025 жылғы маусымда, тізімге Mercedes-Benz Group құрамындағы неміс Daimler Truck компаниясы енгізілген болатын.

“Арнайы шараларға” мәміле жасауға, дивиденд төлеуге, төлемдер мен бағалы қағаздар бойынша операциялар жүргізуге тыйым салу кіреді.

Фото: Vyacheslav Prokofyev/TASS/dpa/picture alliancе