457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трампқа бұйырмады. Бейбітшіліктен Нобель сыйлығын басқа адам алды.

IMAGE: ©Нобель комитеті


Бейбітшілік саласынан 2025 жылғы сыйлық венесуэлалық Мария Корина Мачадо алды. Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлады.

Нобель комитеті сыйлықты Мария ханымға “оның Венесуэла халқының демократиялық құқықтары жолындағы табанды күресі мен диктатурадан демократияға бейбіт көшу ісіндегі жетістіктері үшін” бергенін айтты.

Мария Мачадо 2012 жылы Венесуэла президенттігінен үміткер болған. Сонымен біірге, 2014 жылы диктатор Николас Мадуроға қарсы толқулар кезінде басты тұлғалардың бірі болыпты.

Биыл бейбітшілік саласынан Нобель сыйлығына үміткер ретінде 338 адам мен ұйым тіркеліпті. Дәл сол уақытта - “Нобель апталығы” жақындаған сайын, оны бейбітшілік саласынан АҚШ президенті Дональд Трамп ала ма, жоқ па деген әңгіме өршіді. Мұндай әңгіменің шығуына басты себепкер Трамптың өзі болды. Ол:


“жеті соғысты тоқтаттым, ендеше маған бермеуі - Американы балағаттау болар еді”


деген болатын.

Дональд Трамптың бейбітшілік саласынан Нобель сыйлығын алуын Украина президенті Зеленский де, Кремль де қолдаған болатын.

Өз кезегінде, медиада - бейбітшілік саласынан Нобель сыйлығы табысталатын Норвегияның Трамптың сөздерінен үрейленгені туралы расталмаған ақпарат тарады. Тексерілмеген хабарларға қарағанда, норвег үкіметі Нобель комитетіне еш ықпал ете алмайтынын айтқан, бірақ сол уақытта - Трамп кек алу үшін Норвегияға баж салығын көтеріп жібереді деп үрейленетінін жеткізген.