Нобель сыйлығы - 2025. Физика

IMAGE: ©Нобель комитеті
Дереккөз: DW - Неміс толқыны.
Нобель комитеті биылғы физика саласы бойынша лауреаттарды жариялады. Биылғы жүлдені АҚШ ғалымдары Джон Кларк, Мишель Деворе мен Джон Мартинис иеленді.
Күткендей, сыйлық кванттық физика саласынан берілді. Ғалымдар “электр тізбегінде макроскопиялық квант-механикалық туннельдену және энергиянның квантталу құбылысын ашқаны үшін” мараптталып отыр.
1901 жылдан бері физика саласынан Нобель сыйлығы осымен 118-рет беріліп отыр. Оны барлығы 226 ғалым иеленген. Әйелдер болса, тек 5 рет алыпты. Сыйлықтың көлемі 11 млн швед кроны (шамамен 900 мың еуро).