457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылы қашан басталатын, аяқталатын және каникул кезеңдерін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан басталып, 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы - 8 оқу аптасы, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Фото: pexels