Жаңа оқу-ағарту министрі Президенттің қабылдауында болды

IMAGE: ©Ақорда
Ресми Ақорда бүгін тағайындалған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Президенттің қабылдауында болғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өткен.
Сондай-ақ, Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.
Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Жұлдыз Сүлейменованы білім министрі қылып тағайындау туралы жарлық шығарған болатын.