457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қытайдың экс-министрі жемқорлық үшін өлім жазасына кесілді

Қытайдың ауыл шаруашылығының бұрынғы министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz “Синьхуаға” сілтеме жасап.

Цзилинь провинциясындағы Чанчунь қаласының халық соты ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігін басқарған Тан Жэньцзяньге үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 2007-2024 жылдар аралығында шенеунік түрлі қызметтерді атқара жүріп, қызметтік өкілетін пайдаланып, компаниялар мен жекелеген тұлғаларға бизнес жүргізуде, тендерлер алуда және мансаптық өсуде көмектескен. Осы үшін ол 268 миллион юаньнан (38 миллион АҚШ долларынан астам) астам заңсыз сыйақы алған.

Сот пара көлемін “аса ірі” деп танып, бұл мемлекет пен халық мүддесіне елеулі зиян келтіргенін атап өтті. Мұндай жағдайда заң жүзінде өлім жазасы қарастырылған. Дегенмен, қылмыстың бір бөлігі аяқталмағаны, айыпталушының кінәсін мойындауы, тергеуге көмектесуі, қаражаттың басым бөлігін өз еркімен қайтаруы және өкінуі ескеріліп, сот өлім жазасын екі жылға шегере отырып тағайындады.

Сонымен қатар, ол саяси құқықтарынан өмір бойына айырылды, жеке мүлкі толық тәркіленді. Ал оның заңсыз табыстары мен одан түскен пайыздар мемлекеттік бюджетке аударылды, жетпеген бөлігі қосымша өндіріп алынатын болды.

Фото: Синхуа

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00