457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қожамжаровтықтардың" екеуі тергеуде. Өзінің қайда екені белгісіз.

IMAGE: ©kaztag.kz

Бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның басшыларының бірі Талғат Татубаев пен Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы бастығы Олеся Кексель екеуі екі түрлі қымыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы kaztag.kz басылымы жазыпты.

Талғат Татубаев пен Олеся Кексель - бұрынғы прокурор және бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровтың сыбайластары болып есептеледі. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, қазір Талғат Татубаев қамауда отыр. Ал емізулі баласы бар Олеся Кексельге қатысты шара әлі айқындалу үстінде.

Қожамжаровтың үстінен де іс қозғалды ма деген сауалға Бас прокуратура өкілі тек сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Ал ұсталған-ұсталмағанын нақтылаған жоқ.

ҚазТАГ агенттігі 11 шілде күні Қожамжаров пен сыбайластарына қатысты материалдар жариялаған болатын. Басылым сол материалдар негізінде қылмыстық іс қозғауға болатын еді деп есептейді.

Осылайша, қазір Талғат Татубаев екі айға тұтқындалып, қамауда отыр. Олеся Кексель де тергеуге алынды. Ал кеденші Медет Жамашевті өлтірген қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатов жалпы алғанда 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Қожамжаровтың өзінің қайда екені туралы мәлімет жоқ.