457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның бұрынғы көлік прокуроры Германияда ұсталды

Іздеудегі адам Интерпол желісі аясында қамауға алынған

Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, іздеудегі адам Интерпол желісі аясындағы халықаралық ынтымақтастық барысында неміс құқық қорғау органдары тарапынан анықталып, қамауға алынған.

«МВД жазадан бұлтармауды қамтамасыз ету мақсатында шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылын жалғастыруда», – деп атап өтті ведомство.

Ұсталған адам – Мақсат Дүйсенов. Ол бұған дейін Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында қызмет еткен. 2018 жылы сол кездегі Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалған.

2025 жылғы тамыз айының соңында Мақсат Дүйсеновке халықаралық іздеу жарияланған еді. Бірнеше күннен кейін Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеудің басталғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 2025 жылдың басында Қазақстан ІІМ қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы – Интерполмен ынтымақтастықты күшейткенін хабарлаған болатын.

Фото qamqor.gov.kz