457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тыңшылар Германияны шығынға ұшыратып жатыр

IMAGE: © osb-moscow.ru

Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлайды.

Германия экономикасына тыңшылық пен мәлімет ұрлаудан келген шығын биыл 280 млрд долларды құраған. Із кесу әдетте Ресей мен Қытайға апарады екен.

Биыл немістің он компаниясының тоғызы сондай әрекеттерден зардап шеккен. Ондай қылмыстың көбі киберкеңістікте орын алады делінген Bitkom салалық қауымдастық зерттеуінде.

Былтырға қарағанда, келген зардап биыл 8% өскен. Тергеу амалдары Ресей мен Қытайға меңзейді дейді зерттеу авторлары. Атап айтқанда, қауіпсіздікке қол сұғу әрекеттерінің 46% - Ресейдің, 46% - Қытайдың үлесінде екен.

Зерттеу соңында авторлар киберқауіпсіздік шараларына IT-бюджеттің бестен бір бөлігіне дейін жұмсауды ұсынған.