Әсіре ұлтшылдар әскерден қуылды

DW - Неміс толқыны басылымы бундесверден (ГФР әскерінен) 97 адамның жұмыстан қуылғаны туралы жазыпты.
2024 жылы оңшыл экстремистік көзқараста деген күдікке бундесвердің 280 қызметкері іліккен екен. Бундестаг (ГФР парламенті) депутатына герман үкіметінің берген жауабына қарағанда, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Аталмыш 2024 жылы, жауынгерлердің "гитлерше" сәлемдескені жөнінде 17 оқиға анықталған.
ГФР Қорғаныс министрлігі болса, 280 адам бүкіл әскер үшін мардымсыз, ендеше алаңдауға тұрмайды деп отыр.
Герман әскері 180 мың әскериден және 80 мың азаматтық қызметкерден тұрады. Дәл сол уақытта, министрлік - оңшыл экстремизммен күрес әскерилер үшін басты бағыттардың бірі болып қала беретінін мәлімдеген.
IMAGE: © vos-mo.ru

Ең көп оқылған
