Жәрдемақы қысқарды: кәсіподақтар ереуілге шығуға дайын

Германияда кәсіподақтар әлеуметтік жәрдемақы беру ережелерін қатаңдатуға қарсы ереуіл өткізуге дайын, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Федералдық үкімет әлеуметтік шығындарды азайтып, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыны қысқартуды жоспарлап отыр. Жаңа тәртіп бойынша еңбек биржасына келмеген немесе ұсынылған жұмыс орнынан бас тартқан азаматтардың төлемі төмендетіледі.
Германия Кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Ясмин Фахими мұндай бастаманы сынға алып, бұл халықтың қажеттіліктерін елемейтін және қоғамда әлеуметтік теңсіздік тудыруы мүмкін шешім екенін айтты.
Кәсіподақтар үкіметтің әлеуметтік саясатындағы өзгерістерге наразылық білдіріп, қажет болған жағдайда ереуілге шығуға дайын екендерін ескертті.
Фото: freepik.com