457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Неміс мектептері дабыл қақты: мыңдаған оқушы оқуын тастап жатыр

2023–2024 оқу жылында Германияда шамамен 62 мың оқушы аттестат алмай, өз еркімен мектептен кеткен, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Der Spiegel. Ал өткен оқу жылында мұндай оқушылар саны 56 мың болған.

2006 жылы рекорд орнатылып, 75 мың оқушы оқуын тастап кеткен. Кейін көрсеткіш төмендегенімен, 2013 жылдан бастап қайта өсе бастаған.

Неміс мұғалімдер одағының президенті Штефан Дюль бұл жағдайды неміс тілін меңгерудегі қиындықтармен, қоғаммен байланыс сезімінің әлсіздігімен және жастардың мотивациясының төмендеуімен түсіндіреді. Оның айтуынша, кейбір жасөспірімдер білімсіз-ақ табыс табудың басқа жолдарын көреді.

Ал Лейбниц институтының директоры Кай Маац мәселенің түпкі себебі қоғам мен білім беру жүйесінде екенін айтады. Ол Германияға кейін келген балаларға көбірек қолдау көрсету қажет екенін атап өтті.

Фото: freepik.com