457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Балаларымызды бүрге талап жатыр»: Алматыда ата-аналар дабыл қақты

Ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап көрсетті

Желіде Алматы мектебінде оқушыларды бүрге шағып жатқаны туралы хабарлама тарады. Анонимді түрде жария болған хатта ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

«№127 мектепте балалар бүргеге таланып жатыр. Олар күн сайын үсті-басы шағылған күйде үйге оралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке өтініш жібердік. Алайда, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар нәтиже бермей отыр. Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз және осы мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық тұлғаға хабарлап, жедел және тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз», - делінген хатта.

Желіде тараған видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсетті.

Фото: видеодан скрин