457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресейге соққы жасауға еш шектеу жоқ - Кит Келлог

Дереккөз және фото: ©dw.com

"Иә, Ресейдің ішіне тереңірек соққы жасау мүмкіндігін жібермеңіздер. Ешқандай шектеу жоқ".

Бұл - Fox News арнасының АҚШ прездиентінің арнайы өкілі Кит Келлогқа қойған сұрағына жауабы. Арна тілшісі Украинаның алысқа соққы жасау мүмкіндігі туралы сұрақ қойған болатын.

Оның үстіне, Кит Келлог бұл жауаптың АҚШ президенті Дональд Трамптың, вице-президент Джей Ди Вэнстің және мемхатшы Марко Рубионың көзқарасына сәйкес екенін нақтылап өтті.

Сонымен бірге, өкіл Зеленскийдің Трамптан Tomahawk қанатты зымырандарын сұрағанын атап өтті және бұл мәселе бойынша біржола шешім әлі жоқ екенін айтты.

Tomahawk зымырандарының қашықтығы түріне қарай 5500 шақырым. Ал АҚШ бұған дейін Украинаға берген ATACMS зымыранының қашықтығы - 300 шақырым.

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00