457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы метросы жаңа рекорд орнатты

Алматы метросы кеше, «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчы өткен күні 142 932 жолаушы тасымалдады.

Жаңа рекорд! 30 қыркүйек күні «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойында Алматы метросында жолаушылар ағыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Сол күні метрополитен 142 932 жолаушыны тасымалдады — бұл тарихтағы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш, — делінген метрополитеннің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Матч күні метроның жұмыс уақыты 01:00–ге дейін ұзартылды.

Еске салайық, Алматыдағы ойынға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді.

Қазақстанның әр өңірінен келген жанкүйерлермен қосқанда, көрермендердің жалпы саны ондаған мың адамға жетті.

Фото:  Алматы метрополитені