457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушылардың күзгі демалысы қанша күнге созылады?

Алғашқы оқу тоқсанының аяқталуына үш аптадай уақыт қалды

Алғашқы оқу тоқсанының аяқталуына үш аптадай уақыт қалды. Биылғы күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады, деп жазады Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігі шілде айында 2025–2026 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күнтізбесін бекіткен болатын. Жоспарға сәйкес, бірінші тоқсан сегіз аптаға жалғасады. Оқушылардың күзгі демалысы жеті күнге созылып, 27 қазаннан 2 қараша аралығын қамтиды. Ал екінші тоқсан 3 қарашадан басталып, ол да сегіз аптаға жалғасады.

Айта кетерлігі, 27 қазан – Республика күні мерекесіне байланысты демалыс күні болып белгіленген. Сондықтан бұл күні бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін барлық қазақстандықтар да демалады.

Фото: istockphoto.com