Зейнет жасын 70-ке дейін көтеру ұсынылды

Бұл бастаманы Бундестагтағы ХДС/ХСС фракциясының жастар тобының төрағасы Паскаль Реддиг көтерді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Ол «қазіргі жағдайдағыдай тек жас буынның мүддесін шектемей, ауыртпалықты бәріне әділ бөлетін реформа қажет» екенін айтты.
Қазір Германияда зейнет жасы – 67. Ерте зейнетке 63 жастан шығуға болады, бірақ ол үшін кемінде 35 жылдық еңбек өтілі болуы шарт, әрі төлемақы азаяды.
Реддиг ерте зейнетке шығуды азырақ тартымды ету, төлемдерді тағы қысқарту қажет деп санайды. Оның ойынша, қазіргі түріндегі «63 жастағы зейнет» іс жүзінде жойылуы тиіс. Сонымен қатар «зейнет жасын» халықтың өмір сүру ұзақтығына қарай біртіндеп көтеруге болатынын атап өтті.
Саясаткердің пікірінше, болашақта зейнетақылар баяу өсіп, индексациялау жүйесі түбегейлі өзгеруі керек. Яғни зейнетақы өсімі жалақы динамикасына емес, инфляция деңгейіне байланыстырылуы тиіс.
«Бұл әділеттірек болар еді әрі қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын болғандай жаппай зейнетақы өсімі алдағы жылдары мүмкін болмайды. Әйтпесе бүкіл зейнетақы жүйесі күйреуі ықтимал», – деді Реддиг.
Фото: https://t.me/dwglavnoe

Ең көп оқылған
