Президент туған әпкесін ең жоғары атақпен марапаттады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің үлкен әпкесі, композитор және қоғам қайраткері Севиль Әлиеваны «Шараф» орденімен марапаттауға шешім шығарды. туралы жарлыққа қол қойды. Бұл ақпаратты Malim.kz El.kz порталы мен Азербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ұсынады.
Әзербайжан Республикасының Конституциясының 109-бабының 23-тармағына сәйкес, әзербайжан музыка өнерінің дамуына қосқан зор еңбегі үшін Севиль Гейдарқызы Әлиеваны “Шараф” орденімен марапаттаймын, – делінген президент жарлығы мәтінінде.
Севиль Әлиева - танымал композитор, продюсер және қоғам қайраткері. Ол 1990-жылдары Space TV телеарнасын құрған, бұл арна сол кезден бері әзербайжан мәдениеті мен музыкасын насихаттайтын ірі платформа қатарында.
Әлиева классикалық және заманауи музыка жанрларында шығармалар жазып, мәдени жобаларды ұйымдастырумен айналысады. Ертең Севиль Әлиева 70 жасқа толады.
Айта кетейік, «Шараф» ордені - Әзербайжан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі. Бұл марапат еліне ерекше еңбегі сіңген тұлғаларға, мемлекеттілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени дамуға зор үлес қосқан азаматтарға табысталады.
Фото: aze.az