457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев білім саласына елеулі үлес қосқан ұстаздарды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына елеулі үлес қосқан бір топ ұстазды марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Парасат» орденімен

Жаңбыршиева Ұлжан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ доценті;

Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ сеньор-лекторы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы

Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызы – «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» КМК оқытушысы, Астана қаласы;

Ванов Қуантқан Рзаұлы – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;

Губаева Мүгілсін Мәулетқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;

Жәмішева Сәуле Абрашқызы – «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ әдіскері, Алматы қаласы;

Райымбекова Ұлжан Кеттешқызы – «№ 7 «Тұран» мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Түркістан облысы;

Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы – «М. Дүйсенов атындағы мемлекеттік жалпы білім беру № 15 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қызылорда қаласы;

Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы – «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы;

Темірболатова Әлия Есқалиқызы – «Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;

Шералхан Гүлмира – «Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия» МКК мұғалімі, Шымкент қаласы.

«Құрмет» орденімен

Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – «№ 206 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;

Оспанова Айман Қадырқызы – «Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;

Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы;

Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;

Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – «Облыстық арнаулы мектеп-интернат» КММ директоры, Атырау облысы;

Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әлиева Сәлима Темірболатқызы – «№ 35 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы;

Базарбаева Сәруар Оразқызы – «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысы;

Жалпақов Талғат Теміржанұлы – «Ақпараттық технологиялар колледжі» КМК оқытушысы, Павлодар облысы;

Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – «К. Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Талдықорған қаласы;

Забиякина Оксана Сергеевна – «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейі» КМК мұғалімі;

Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – «Школа Будущего «Әділет» балабақша-мектеп кешені жеке меншік мекемесінің мұғалімі, Қарағанды облысы;

Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – «№ 8 гимназия» КММ мұғалімі, Жезқазған қаласы;

Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК оқытушысы, Абай облысы;

Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – «SOS Астана балалар ауылы» ЖББМ тәрбиешісі.

«Шапағат» медалімен

Лукашевич Александр Аркадиевич – «Urban School» ЖШС директоры, Астана қаласы;

Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» МҚК оқытушысы.

Фото: Ақорда