Мерц: Ресей Путин мен Зеленский кездесуіне дейін уақыт созып жатыр

Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу процесінде уақытты созып, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін алдын ала шарттарға тәуелді етуде.Бұл туралы ол 26 тамызда Берлинде Канада премьер-министрі Марк Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«Путин бұл кездесуді алдын ала шарттарға байланыстырып, негіздеген дұрыс деп санайды. Бірақ ол шарттар Украина үшін де, біз үшін де мүлдем қолайсыз», – деді Мерц.
DPA агенттігінің дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен Аляскадағы келіссөзден кейін Зеленский және еуропалық көшбасшылармен кездесіп, бейбіт келісімге қол жеткізуге болатынын атап өткен.
Сонымен бірге, Путин мен Зеленскийдің тікелей кездесуі алдағы екі аптада өтуі мүмкін деген болжам айтылған, алайда бұл мерзімнің уақыты таусылуға жақын.
Фото: Tobias Schwarz/AFP/Getty Images

Ең көп оқылған
