Әкесін сабаған ұлының әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда қартайған әкесін өлімші етіп сабады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл туралы Tizgin.kz-ке сілтеп Malim.kz хабарлайды.
Ұлына қатысты қылмыстық іс «қасақана ауыр дене жарақатын салып, жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырды» деген бап бойынша қозғалды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
Бүгін күдіктінің әйелінеде қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Оған «айыптыға әдейі белгілі болған дәрменсіз жағдайда тұрған не одан материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға күш қолдану» бабы бойынша айып тағылды.
Резонансты видео бірнеше күн бұрын тараған еді. Түркістан облысының тұрғыны қарт әкесін соққыға жығып, егде адам кейін қайтыс болған. Келіні бұл әрекетке тосқауыл болмаған. Жантүршігерлік кадрларды көршісі жасырын түсіріп, жариялаған.
Фото: видеодан скрин