Әшімбаев: дипфейктер қауіп тудыруда

IMAGE: ©parlam.kz
Malim.kz, Астана, 23 қазан. Қазір Сенат отырысы болып жатыр. Сенаторлар "Жасанды интеллект туралы" заңды қарау үстінде.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, технологияның дамуы жаңа қауіптер тудырып отыр. Оның ішінде - дипфейктер мен алаяқтыққа тоқталып өтті. Бас сенатордың айтуынша, әлеуметтік желілер - әлдеқандай жалған мәлімдеме жасап жататын әлдебір адамдардың образдарына толы.
"Олар болмаған оқиғалар туралы пікір білдіріп, қандай да бір қорларға ақша аударуды сұрап жатады. Бұл - басы ғана" -
дейді Сенат спикері. Қорытындылай келе, бас сенатор дипфейктің авторларын алаяқтық, бопса және ақша жинағаны үшін жауапқа тартуға шақырды.